Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Астанада таевондодан халықаралық турнирі өтеді

Астанада таевондодан халықаралық турнирі өтеді

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Астанада алғаш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

2026 жылғы 22–23 маусым күндері елорда төрінде таеквондо тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Бұл жарыс – Алтай кеңістігіндегі елдерді біріктіретін жаңа халықаралық бастаманың алғашқы ірі жобасы. Турнир ересектер мен жастар арасында өткізіліп, Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген. Сондай-ақ жарысқа G1 санатының берілуі оның жоғары халықаралық деңгейін және спортшылар үшін рейтингтік маңызын көрсетеді.

Altaic Taekwondo Championships турнирі 2025 жылы Қытайдың Уси қаласында өткен әлем чемпионаты аясында құрылған Altaic Taekwondo Union ұйымының алғашқы ресми жарысы болмақ. Одақтың негізгі мақсаты – Алтай өңіріндегі мемлекеттер арасында спорттық байланысты нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және таеквондо спортын жаңа деңгейге көтеру.

Ұйымға мүше елдер өкілдерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Altaic Taekwondo Union ұйымының тұңғыш Президенті болып Қазақстандық таеквондо федерациясының (WT) президенті Шәмиев Кудрәт Игнатұлы тағайындалған болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының вице-президенті тағайындалды.






Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан