24 сағат бұрын
«Ертіс» QJ League Cyber Cup 2026 турнирінің чемпионы атанды
QJ League ұйымдастырған жазғы Cyber Cup 2026 турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы жарыс алғаш рет EA FC емес, Counter-Strike 2 дисциплинасында өтті.
Финалда павлодарлық «Ертіс» командасы қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетіп, чемпион атанды. Турнир барысында олар «Жайық», «Оңтүстік», «Оқжетпес», «Жеңіс» және «Ордабасы» командаларынан құралған топта бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.
Ширек финалда «Алтайды» 13:2, 13:3 есебімен ұтса, жартылай финалда «Жас Қыранды» айқын басымдықпен жеңді. Ал финалда «Каспийден» де басым түсіп, чемпиондық атақты иеленді.
Осылайша «Ертіс» ойыншылары QJ League Cyber Cup 2026 жеңімпазы атанып, кубокты көтерді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан