21 сағат бұрын
Ерекешева Испанияда екі медаль жеңіп алды
Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Испанияның Овьедо қаласында өткен клубтар арасындағы чемпионатта екі қола жүлдеге ие болды.
Отандасымыз булава жаттығуында 29,700 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді. Сондай-ақ таспамен орындалатын бағдарламада 27,600 ұпай еншілеп, тағы бір қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жарыс қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан