Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады

Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit әйелдер сериясының жаңартылған аралық рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Жаңа тізімде ол 51,30 ұпай жинап, екі жылдық цикл қорытындысы бойынша көш басына шықты. Бұған дейін Асаубаева рейтингте төртінші орында тұрған.

Сонымен қатар шахматшы Norway Chess Women 2026 турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанып, жарыс тарихында бұл жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

FIDE Women’s Circuit рейтингіндегі үздік үштік:

1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 51,30 ұпай

2. Чжу Цзиньэр (Қытай) – 39,83 ұпай

3. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) – 29,70 ұпай

FIDE Women’s Circuit – әйелдер шахматындағы маңызды іріктеу жүйелерінің бірі. 2026–2027 жылғы серия қорытындысы бойынша рейтингте бірінші орын алған шахматшы 2028 жылғы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алады.

Айта кетейік, Асаубаева турнир жеңісі үшін 700 мың норвегиялық крон көлемінде сыйақы иеленді. Бұл сома қазіргі бағаммен шамамен 36,4 миллион теңгеге тең.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан