3 күн бұрын
Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та жүлделі нәтиже көрсетті
Қазақстанның жүзу құрамасы АҚШ-та өткен халықаралық турнирде төрт медаль олжалады.
Жарыс Калифорния штатының Фуллертон қаласында ұйымдастырылды.
Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге ие болды. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.33 нәтижесімен бірінші орын алды. Сондай-ақ 50 метрге еркін стильде 23.02 уақыт көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.
Ал Даниил Чужинов 200 метрге кешенді жүзуде 2:09.20 нәтижесімен күміс жүлде иеленді.
Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.76 нәтижесімен үшінші орынға ие болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан