Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та төрт медаль еншіледі

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-та төрт медаль еншіледі

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.

Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.

200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.

Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.

Еске салсақ, алдағы уақытта Щучье қаласында велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтеді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан