2 күн бұрын
Қазақстандық каратэші “Жылдың үздік спортшысы” атағын жеңіп алды
Фото:ҰОК
Каратэден Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева әлемдік рейтингте көш бастады.
Қазақстандық спортшы 68 келі салмақта әлемнің үздік каратэшісі атанды.
Берульцева жыл басынан бері өткен алғашқы үш ірі халықаралық турнирде жеңіске жетіп, маусымдық рейтингте айқын басымдыққа ие болды.
Жарыс күнтізбесінде әлі бір кезең қалғанына қарамастан, ол маусым жеңімпазы атағын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Осылайша Софья Берульцева кәсіби мансабында алғаш рет «Жылдың ең үздік спортшысы» атағын иеленді. Ол бұл жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасындағы үшінші каратэші атанып отыр. Бұған дейін бұл марапатты Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай иеленген.
Халықаралық каратэ федерациясы бұл атақ иегерлеріне 5 000 еуро көлемінде сыйақы тағайындайды.
Айта кетейік, Софья Берульцева – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан