Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отбасы жағдайына қатысты жаңа мәлімдеме жасады.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонованың татуласып, ажырасу туралы шешімінен бас тартқаны жөнінде ақпарат тараған.

Алайда Гүлайым Рахмонова ажырасу процесі әлі аяқталмағанын айтты.

«Егер видеоны мұқият тыңдасаңыздар, ажырасу процесінің әлі аяқталмағанын түсінесіздер. “Олар татуласты ма, жоқ па?” деп алаңдап жүргендер бар екен. Уайымдамаңыздар, процесс толық аяқталған кезде бұл туралы өзім хабарлаймын», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова жұбайымен айырылысқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ биыл 27 наурызда оның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққан.

Сот шешімімен Гүлайым Рахмонова Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда сот негізгі жазаны бес жылға кейінге қалдырды.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілде айында Гүлайым Рахмонова басқарған көлік жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапқан. Бұл оқиға қоғамда кеңінен талқыланған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан