2 сағат бұрын
Батуттағы гимнастикадан әлем кубогы қазақстандық бес спортшы барады
Фото: Қазақстан ҰОК
Халықаралық гимнастика федерациясы Коимбрада (Португалия) өтетін батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне бес спортшы енді.
Олардың қатарында Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина, Евгения Чернышова бар.
Айта кетейік, Португалиядағы Әлем кубогы кезеңі 4-5 шілде аралығында өтеді.
Сондай-ақ маусым айында қазақстандық спортшылар Арозада (Швейцария) өтетін Әлем кубогы кезеңінде де өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан