20 сағат бұрын
“Спорт министрі басқа бағытты ұстанатын сияқты” — Бибісара Асаубаева
Қазақстандық шахматшы, Бибісара Асаубаева жалақыға қатысты даудан кейін, спорт министрлігін ұстанымын сынға алды.
Бибісара Асаубаева бұған дейін спорт минстрлігіне көрсетілетін қолдаудың жеткіліксіз екенін, жалақысының бірнеше есе қысқарғанын және бірқатар қаржылық міндеттемелердің орындалмағанын атап өтті. Сонымен қатар ол өзіне берілген мемлекеттік марапатты да әлі күнге дейін ала алмағанын жеткізді.
Бұл үндеуге министрлік ресми жауап беріп, Бибісара Асаубаеваға 243 млн теңге бөлінген айтты.
“Интеллект басым бағытта емес пе? Мен Спорт министрлігінің ресми жауабын мұқият оқып шықтым. Онда: «Шахмат басым спорт түрлерінің қатарына жатпайды» делінген. Шынымды айтсам, бұл сөйлемді бірнеше рет қайта оқып шықтым.
Жақында ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің стратегиялық бағытын айқындап: «Күшті ұлт – күшті интеллекттен басталады. XXI ғасырда басты ресурс – шикізат емес, білім», – деген болатын.
Әлемнің жетекші елдерінде шахмат – жай ғана спорт емес. Ол – стратегиялық ойлау, интеллектуалдық капитал және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің басты нышандарының бірі. Егер шахмат басым бағытқа жатпайтын болса, онда қарапайым ғана сұрақ туындайды: Президент мені қандай еңбегім үшін II және III дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапаттады?
Бүгінде мен әлемдік рейтингте 5-орында тұрмын. Спорт министрлігінің жауабынан шығатын қарапайым қорытынды мынадай: еліміздің интеллектуалдық болашағына шенеуніктер емес, менің ата-анам инвестиция салған нағыз патриоттар болып шықты. Қазақстанның болашағы интеллектпен, біліммен, ғылыммен және адами капиталдың сапасымен айқындалады. Маңызды сұрақ – Спорт министрлігінің ұстанымы Президенттің бағытына сәйкес келе ме? Өйткені шахматқа деген көзқарас – интеллектке деген көзқарас. Ал интеллектке деген көзқарас – елдің болашағына деген көзқарас. Сірә, Спорт министрі басқа бағытты ұстанатын сияқты», – деп жазды шахматшы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан