19 сағат бұрын
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды
Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия кубогінің жартылай финалына шықты.
Отандастарымыз Ливан құрамасына қарсы ойнады.
Қазақстан құрамасы Ливанды 25:11, 25:19, 25:14 (3:0) есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Азия кубогінің жартылай финалына шықты. Олардың еншісінде жалпы 12 ұпай бар.
Енді қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасына қарсы ойнайды.
Бұл топтық олардың топтық кезеңдегі соңғы ойындары. Ойын қорытындысы бойынша В тобындағы үздіктер анықталады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Иранды 3:1, Индонезияны 3:0, Гонконгты 3:1 есебімен ойсырата жеңген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан