3 сағат бұрын
Темірлан Әбдірайымов қазіргі бессайыстан әлем кубогын сәтті бастады
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық Темірлан Әбдірайымов Будапешттегі (Венгрия) қазіргі бессайыстан Әлем кубогы кезеңінде іріктеу сынынан сәтті өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы А біліктілік тобында өнер көрсетті. Ол жалпы есепте 1563 ұпай жинап, 34 қатысушының арасында алтыншы орынға тұрақтады. Бұл нәтиже оған халықаралық турнирдің жартылай финалына жолдама алуға мүмкіндік берді.
Осы топта жартылай финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық спортшы Лев Чувашов та бақ сынады. Алайда ол 1517 ұпаймен 18-орын алып, жекелей сындағы жарысты аяқтады.
Ал D тобында Константин Сычев 27-орынға, Кирилл Стадник 33-орынға тұрақтады. Олар да келесі кезеңге өте алмады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстандық спортшылар Ресейдегі турнирде академиялық ескек есуден 3 жүлде алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан