Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

Қазақстан садақшылары Әлем кубогында үздік ондыққа енді

Қазақстан садақшылары Әлем кубогында үздік ондыққа енді

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы бір жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Блокты садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде қазақстандық спортшылар Мексика құрамасына 155:158 есебімен жол берді.

Нәтижесінде Лян мен Қарабаев жарысты алтыншы орынмен аяқтап, турнирдің үздік ондығына енді. Бұған дейін олар Малайзия және Германия командаларын жеңген болатын.

Айта кетейік, бір күн бұрын Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова әйелдер арасындағы командалық сайыста жетінші орын алды. Ал Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн ерлер командалық жарысында оныншы нәтиже көрсетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан