Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Көркем гимнасшы Елизавета Сорокованың жоғалып кеткені рас па? — Туыстары жауап берді

Көркем гимнасшы Елизавета Сорокованың жоғалып кеткені рас па? — Туыстары жауап берді

Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та көркем гимнастикадан Ресей чемпионы Елизавета Сорокованың Канадада жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады.

30 жастағы спортшының жоғалғаны жөнінде алғаш болып «Выше Облаков» орталығының негізін қалаушы Кира Протасова хабарлаған.

Ол Торонтоға келген соң Сороковамен байланыса алмағанын айтып, жағдайға алаңдаушылық білдірген.

Алайда кейін журналистер спортшының жақындарына хабарласып, оның жоғалмағаны және үнемі байланыста екені белгілі болды.

Әкесінің айтуынша, Елизавета қалыпты өмір сүріп жатыр және отбасымен тұрақты хабарласып отырады.

Сондай-ақ туыстары спортшының Канадада жұмыс істеп, өмір сүріп жатқанын, ал Ресейдегі отбасымен байланысын үзбегенін хабарлаған.

Кейінірек ақпаратты алғаш таратқан Кира Протасова да жағдайға қатысты түсініктеме беріп, спортшының туыстарымен байланыс орнатқанын және оның аман-есен екенін растады.

Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған “жоғалып кетті” деген ақпарат расталмады.

Айта кетейік, Елизавета Сорокова спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікке ауысып, 2017 жылы тұрмысқа шығып, күйеуімен бірге Канадаға көшкен. Кейін олардың некесі бұзылған


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан