2 сағат бұрын
Қазақстан AVC Кубогін 4-орынмен аяқтады
Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Филиппиннің Кандон қаласында өткен AVC Ұлттар кубогін 4-орынмен аяқтады.
Қазақстандықтар турнирде топтан сәтті шығып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Алайда финалға шығу матчында Қытай Тайбэйі командасына 0:3 есебімен есе жіберді.
Қола медаль үшін өткен ойында Қазақстан құрамасы Вьетнам командасына да 0:3 есебімен ұтылып, жарысты жүлдесіз аяқтады.
Сонымен, Қазақстан әйелдер құрамасы турнир қорытындысы бойынша 4-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан