Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Семсерлесуден Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Семсерлесуден Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Дели қаласында өтетін семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан намысын 23 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлық додасына қатысатын Ұлттық құраманың құрамы үш бағдарлама бойынша жасақталды.

Семсер – Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук, Дарья Самоделкина.

Қылыш – Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек, Анастасия Гулик.

Рапира – Тамирлан Қалиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, София Ақтаева, Алёна Гноева, Алина Искандерова.

Азия чемпионаты 19-24 маусым аралығында Үндістанның Дели қаласында өтеді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Писцов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында команда алдындағы міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

«Дели қаласындағы Азия чемпионатына құрлықтың ең мықты семсерлесушілері жиналады. Біз үш медаль жеңіп алуды мақсат етіп отырмыз. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша әлем чемпионатына (22-30 шілде, Гонконг) және Жапонияда өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың түпкілікті құрамы жасақталады», – деді бас бапкер.

Айта кетерлігі, тәжірибелі спортшы Эльмир Әлімжанов бұл жолы Ұлттық құраманың тізіміне енбеді.

«Эльмир әзірге қажет бабына келе қойған жоқ. Сондықтан оның орнына Никита Жулинский шақырылды. Әдеттегідей, шпагашылардан жоғары нәтиже күтеміз», – деді Алексей Писцов.

Сондай-ақ Ұлттық құраманың бапкерлер штабына шетелдік мамандар тартылған.

«Рапирашылар құрамасына Ресейден келген маман Артур Ахматхузин қосылды. Ол – Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Артур Ахматхузиннің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі рапирашыларымыздың шеберлігін жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз», – деді бас бапкер.

Ал қылыштасу бағдарламасында команлдамен әлемдік деңгейдегі француз маманы Арно Шнайдер жұмыс істейді. Қазіргі таңда ұлттық құрама оның жетекшілігімен Парижде оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

«Арно – халықаралық деңгейде танылған үздік бапкерлердің бірі. Париж Олимпиадасында оның шәкірті Манон Брюне жекелей сында Олимпиада чемпионы атанды. Ал шпагашылар құрамасында украиналық бапкер-кеңесші Олександр Горбачук жұмысын жалғастырып жатыр», – деді Алексей Писцов.

Еске сала кетейік, семсерлесуден Азия чемпионаты 19-24 маусым күндері Үндістанның Дели қаласында өтеді.

Еске салсақ, шахматтан әлем чемпионатына қазақстандық 32 спортшы аттанды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан