Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

Фото:Chess.com

17–21 маусым күндері Гонконгта шахматтан рапид және блиц бойынша командалар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі дода алғаш рет Шығыс Азияда ұйымдастырылмақ.

Әлемнің таңдаулы шахматшылары жиналатын жарыста Қазақстаннан екі команда сынға түседі. Олар – Kazchess және Barys.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының командасы саналатын Kazchess рапид рейтингінде қатысушылар арасындағы алдыңғы үштікте тұр. Командаға федерацияның бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жетекшілік етеді.

Құрамада Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова және Құмар Төлепов бар. Оларға халықаралық аренада мол тәжірибе жинаған Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт және Ван Хао қосылған.

Ал Barys.kz ұжымы жарысты тоғызыншы орыннан бастайды. Команда капитаны – Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова. Ұжым сапында Петр Свидлер мен Дмитрий Андрейкин секілді белгілі гроссмейстерлер, сондай-ақ жас қазақстандық шахматшылар Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева және Алуа Нұрман өнер көрсетеді. Команданың әуесқой ойыншысы – Айлин Зарқым.

Жарыстың басты жүлдесіне үміткерлердің бірі – WR Chess командасы. Оның құрамында әлемдік шахматтың айтулы өкілдері Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Максим Вашье-Лаграв, Уэсли Со және Ян-Кшиштоф Дуда бар.

Бұған қоса, Гонконгтағы чемпионатта Алиреза Фирузджа, Левон Аронян, Аниш Гири, Дин Лижэнь, Цзюй Вэньцзюнь және Арджун Эригайси секілді танымал шахматшылар да қатысады.

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтардың қатарында Ринат Жұмабаев та бар. Ол бұл жолы да Сингапурдың Theme International Trading клубы сапында өнер көрсетеді.

Гонконгтағы додада әлемнің ең мықты шахматшылары бас қосады. Қазақстандық жанкүйерлердің назары, әсіресе, Бибісара Асаубаева бастаған отандық командалардың нәтижесіне ауады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан