Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Асаубаева мен Синдаровтың ӘЧ-2026-дегі қарсыластары белгілі болды

Асаубаева мен Синдаровтың ӘЧ-2026-дегі қарсыластары белгілі болды

Гонконгта ресми түрде 2026 жылғы рапид пен блицтен командалық әлем чемпионаты басталады.

Турнирге әлемнің 40-тан астам командасы мен 300-ге жуық мықты гроссмейстер қатысады. Олардың қатарында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева және өзбекстандық Жахонгир Синдаров та бар.

Қазақстан атынан Kazchess командасы сынға түседі. Құрамда ресейлік гроссмейстер Александр Грищук, азербайжандық Шахрияр Мамедьяров және Бибісара Асаубаева өнер көрсетеді.

Қарсылас ретінде Өзбекстан құрамасы да қатысады. Олардың сапында Нодирбек Абдусатторов, Синдаров және Афруза Хамдамова бар.

Негізгі фавориттер қатарында Magnus Carlsen, Fabiano Caruana, Алиреза Фирузджа, Дин Лижэнь, Вишванатан Ананд секілді әлемдік шахмат жұлдыздары бар.

Турнир 17–21 маусым аралығында өтеді. Рапид бөлігі 12 турдан тұрса, блиц жарыстары топтық кезең мен плей-офф форматында өтеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан