1 күн бұрын
Азия кубогына қатысатын қазақстандық триатлоншылар белгілі болды
Қазақстанның триатлоннан ұлттық құрамасы Астанада өтетін Азия кубогының үйдегі кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Халықаралық турнир ересектер арасында 20 маусым күні елордада өтеді. Жарысқа 20 қазақстандық спортшы қатысады.
Құрамға Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Арлан Жанабай, Темірлан Темиров, Максим Шмулич, Елмұрат Қанай, Рамазан Айнеғов, Илья Крупяков, Александр Автушко, Владислав Келгин, Алинаби Маралбеков, Данил Породнов, Арина Шульгина, Алуа Нұрмұхамбет, Диана Ержанова, Рамина Ағабаева, Вероника Иванюк және Даяна Карим енді.
Астана қаласындағы бұл кезең Азия кубогының маңызды жарыстарының бірі болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан