6 сағат бұрын
Астанада маусым айының соңында таеквондодан екі халықаралық турнир өтеді
Фото:ҰОК
Маусым айының соңында елордада таеквондодан халықаралық деңгейдегі екі ірі жарыс ұйымдастырылады. Астана Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енген додаларды қабылдайды.
22–23 маусым күндері алғаш рет Altaic Taekwondo Championships турнирі өтеді. Жарысқа түрлі елдерден келген спортшылар қатысып, өзара бақ сынайды.
Одан кейін 25–27 маусым аралығында дәстүрлі Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирі жалауын көтереді. Бұл дода спортшыларға әлемдік рейтингке қажетті ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Екі жарыс та Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Осылайша Астана бірнеше күн бойы халықаралық таеквондо додаларының орталығына айналмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан