4 күн бұрын
Милад Карими Азия чемпионатына қатыспайды
Фото:ҰОК
Спорттық гимнастикадан ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Милад Карими жарақатына байланысты Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатыспайтын болды.
Бас бапкері Александр Кимнің мәліметінше, спортшы оқу-жаттығу жиыны кезінде қабырғасын жарақаттаған. Дәрігерлер оған бірнеше апта тынығуға кеңес берген.
Каримидің орнына құрлық біріншілігіне Нұртан Идрисов барады. Ал Эмиль Ахмеджанов қосалқы құрамға енгізілді.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 18-21 маусым күндері өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан