4 сағат бұрын
Шайдоров күрделі секіруімен жанкүйерлерді тәнті етті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық аясында АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысында түсірілген видеомен бөлісті. Кадрларда Шайдоров мәнерлеп сырғанаудағы ең күрделі элементтердің бірі саналатын төрт айналымдық лутц секіруін таза орындап шықты.
Секіруден кейін қазақстандық спортшы мұзға сенімді қонып, жаттығуды сәтті аяқтағанына ризашылығын білдірді. Видеода оны әйгілі америкалық бапкер Рафаэль Арутюнянның бақылап тұрғаны да көрінеді.
Шайдоров 5 маусымда АҚШ-қа қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Сондай-ақ ол жаңа бағдарламаларын дайындау үшін танымал канадалық хореограф Ше-Линн Бурнмен де жұмыс істейді.
Айта кетейік, 2026/27 жылғы маусымда қазақстандық спортшы Гран-при сериясының Франция мен Қытайдағы кезеңдеріне қатысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан