Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Ескек есуден ел чемпионатында 500 метр қашықтықта жеңімпаздар анықталды

Ескек есуден ел чемпионатында 500 метр қашықтықта жеңімпаздар анықталды

Фото:ҰОК

Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыс алдағы Азия ойындарына соңғы іріктеу кезеңі. Сондай-ақ спортшылар үшін құрлықтық бәсеке алдындағы дайындықтың бірі бөлігі .

Бүгін қатысушылар 500 метр қашықтықта сынға түсіп, бірнеше санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Нәтижелер:

Каноэ, ерлер: Сергей Емельянов (Шымкент), Виктор Степанов (Қарағанды), Тимофей Емельянов (Шымкент)

Каноэ, әйелдер: Мария Бровкова (БҚО), Ксения Сломинская (Қызылорда), Руфина Искакова (Шымкент)

Байдарка, әйелдер: Ольга Шмелёва (Түркістан), Татьяна Токарницкая (Алматы), Эвелина Костенко (Астана)

Байдарка, ерлер: Дмитрий Холмогоров (Қарағанды), Артём Терещенко (Түркістан), Денис Кленин (Қарағанды)

Айта кетейік, ел чемпионатына 11 өңірден 130-ға жуық спортшы қатысуда. Алдағы күндері қатысушылар 200 метр қашықтықта жекелей, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан