Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жүлдеден тыс қалды

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жүлдеден тыс қалды

Фото:ҰОК

Қытайдың Цуньи қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста төртінші орынға тұрақтады.

Іріктеу қорытындысы бойынша Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Роман Хегай, Дияс Тойшыбек және Нұртаң Ыдрысовтан құралған ұлттық құрама 240,660 ұпай жинады. Бұл нәтиже қазақстандық гимнастарға жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеді.

Командалық жарыстың қорытындысы:

1. Қытай – 253,461 ұпай

2. Жапония – 248,795 ұпай

3. Корея Республикасы – 242,561 ұпай

4. Қазақстан – 240,660 ұпай

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы екі Азия чемпионатында командалық есепте қола медаль жеңіп алған еді. 2023 жылы Сингапурда өткен құрлық біріншілігінде тарихи жетістікке қол жеткізсе, 2024 жылы Чечхонда өткен жарыста сол нәтижені қайталаған.

Биылғы чемпионатта ұлттық құрама жүлдеге іліге алмады. Ал қазақстандық спортшылар жекелей сынның шешуші бәсекелерде медаль үшін күресін жалғастырады.


Цуньидегі Азия чемпионатының маңызы ерекше. Себебі бұл дода күзде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін ХХ Азия ойындарына дайындық пен іріктеудің негізгі кезеңдерінің бірі саналады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан