2 күн бұрын
Екі қазақстандық гимнаст Азия чемпионатының финалына шықты
Фото:ҰОК
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында финалға жолдама алған спортшылар анықталды.
Қазақстан құрамасының екі өкілі жарыстың шешуші кезеңіне өтті. Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған финалға жолдама алуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Дияс Тойшыбек те финалистер қатарына қосылды. Ол кермедегі жаттығуларда алтыншы орынға тұрақты. Осылайша ол жүлдеге таласу құқығына ие болды.
Ал командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Азия чемпионатының финалдық жарыстары 20–21 маусым күндері өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан