4 сағат бұрын
Қазақстандық төрт каратэші Азия чемпионатының алтынына таласады
Фото:ҰОК
Балиде өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды.
Екінші күннің қорытындысы бойынша төрт отандасымыз ақтық сынға жолдама алды. Сондай-ақ ел қоржынына үш қола медаль түсті.
Әйелдер арасында кумите бағдарламасында -61 келі салмақта өнер көрсететін Әсел Қанай алтын медальды сарапқа салады. Ол 2025 жылы қола жүлдеге ие болған.
Ерлер арасында кумите бағдарламасында үш спортшымыз финалға шықты.
-55 келіде Жоламан Биғабыл, -67 келіде Олжас Алтынбек және -75 келі салмақта Нұрқанат Әжіқанов шешуші кезеңге өтті. Ол 2025 жылы Ташкентте Азия чемпионы атанған. Бұл жолы ол екі дүркін құрлық чемпионы болуға мүмкіндік алып отыр.
Айта кетейік, Индонезияда өтіп жатқан каратэден Азия чемпионаты 21 маусымға дейін жалғасад
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан