1 күн бұрын
Қазақ мергені әлем чемпионатында күміс жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Қазақстандық мерген Ринат Казаченко күміс медаль иегері атанды. Ол 50 метр қашықтықтан үш қалыпта шағын калибрлі винтовкадан оқ ату сайысында 355,2 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.
Алтын медальді үндістандық Рохит Каньян жеңіп алды. Оның нәтижесі – 355,9 ұпай. Үшінші орын австриялық Патрик Энтнерге бұйырды, ол 344,0 ұпай жинады.
Айта кетейік, бұл медаль Қазақстан құрамасының биылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан