Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Руслан Курбанов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Руслан Курбанов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото:ҰОК

Семсерлесуден Делиде Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Руслан Курбанов құрлықтық бәсекенің жартылай финалына шықты.

Ол жарыс жолында үндістандық Әли Намазиді 15:9 есебімен жеңсе, 1/16 финалда сингапурлық Джиан Ситоны 15:13 есебімен жарыс жолынан ығыстырды.

Ал Руслан Курбанов 1/8 финалда қырғызтандық Ілім Бақытбекұлын 15:7 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ ол жартылай финал жолдамасы үшін қытайлық Юхан Худаннан айласын асырды.

Бұдан өзге отандастарымыз Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Никита Жулинский жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Сонымен қатар әйледер арасынан Әйгерім Сарыбай 1/8, Карина Доспай мен Қайша Жаныбек 1/16 финалда сүрінді. Қыздардан ең үздік нәтижені Анастасия Гулик тіркеді. Алайда ол ширек финалда жапон қызына есе жіберді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан