2 сағат бұрын
Руслан Курбанов Азия чемпионатының қола жүлдегері
Фото:ҰОК
Семсерлесуден Делиде Азия чемпионаты өтті. Руслан Курбанов дүбірлі додада бақ сынап, қола жүлде еншіледі.
Ол жарыс жолында үндістандық Әли Намазиді 15:9 есебімен жеңсе, 1/16 финалда сингапурлық Джиан Ситоны 15:13 есебімен жарыс жолынан ығыстырды.
Ал Руслан Курбанов 1/8 финалда қырғызтандық Ілім Бақытбекұлын 15:7 есебімен тізе бүктірді.
Алайда ол жартылай финалда қытайлық Юхан Худаннан айласын асыра алмады.
Айта кетейік, Руслан Курбанов 2017 жылғы Азия чемпионатында топ жарса, 2019 жылы қола медаль иеленген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан