Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Қазақстандық жүзуші әлем кубогінің суперфиналында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші әлем кубогінің суперфиналында күміс медаль жеңіп алды

Фото:ҰОК

Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің суперфиналы өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасындағы еркін бағдарламада қазақстандық спортшы Виктор Друзин күміс медаль иеленді.

Еркін бағдарламадағы жүлдегерлер:

1. Ранджуо Томблин (Ұлыбритания) — 255.9600 балл

2. Виктор Друзин (Қазақстан) — 248.5525 балл

3. Филиппо Пелати (Италия) — 246.2639 балл

Бұл Виктор Друзиннің аталған жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін, 19 маусымда өткен техникалық бағдарламада ол қола медаль жеңіп алған еді.

Айта кетейік, маусымның шешуші жарысына 22 елден іріктелген 156 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасының намысын 14 спортшы қорғауда. Әлем кубогінің суперфиналы 21 маусымда аяқталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан