Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Тарихи жетістік: Қазақстандық семсерлесуші қыз тұңғыш рет Азия чемпионатының финалына шықты

Тарихи жетістік: Қазақстандық семсерлесуші қыз тұңғыш рет Азия чемпионатының финалына шықты

Фото:ҰОК

Қазақстандық семсерлесуші Ирина Бакалдина Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

Бұл – отандық семсерлесу тарихындағы айтулы жетістік. Себебі қазақстандық семсерлесуші қыз алғаш рет Азия чемпионатының алтын медалі үшін таласқалы отыр.

Ирина Бакалдина жартылай финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, оңтүстіккореялық Сера Сонгпен күш сынасты. Тартысқа толы өткен бәсекеде отандасымыз 15:7 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.

Бұған дейін Бакалдина 1/8 финалда Гонконг өкілі Монг Чуды жеңсе, ширек финалда қытайлық Джинг Вен Янды 15:2 есебімен айқын басымдықпен ұтқан еді.

Енді қазақстандық спортшы шешуші сында Гонконг өкілі Кейлинмен алтын медаль үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Кейлин – Әлем кубогінің қола жүлдегері әрі Гран-при турнирінің жеңімпазы.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан