4 сағат бұрын
Тарихи жүлде: Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото:ҰОК
Қазақстандық семсерлесуші Ирина Бакалдина Азия чемпионатында топ жарды.
Құрлықтық біріншіліктің ақтық сынында жерлесіміз Гонконг өкілі Кейлин Сэні 15:12 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұл жүлде Қазақстан әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысы тарихындағы алғашқы алтын медаль.
Бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алмаған.
Ирина Бакалдина 1/8 финалда Гонконг өкілі Монг Чуды жеңсе, ширек финалда қытайлық Джинг Вен Янды 15:2 есебімен айқын басымдықпен ұтқан.
Ал жартылай финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, оңтүстіккореялық Сера Сонгтен айласын асырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан