1 сағат бұрын
Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогінде қола медаль иеленді
Фото:ҰОК
19–21 маусым күндері Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің суперфиналы өтті.
Бұл бәсекеде отандастарымыз Наргиза Болатова мен Виктор Друзин жұбы еркін бағдарламада қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин еркін бағдарламада күміс, 19 маусымда өткен техникалық бағдарламада ол қола медаль жеңіп алған.
Бұл додаға 22 елден 156 атлет қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан