Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді

Фото:ҰОК

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді.

Бұл — Халықаралық конькишілер одағының (ISU) күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі.

Айтулы дода 2027 жылы Астанада өтеді деп жоспарланып отыр.

Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Елорданың мұз айдынында Азия, Америка, Африка және Тынық мұхиты өңірі елдерінің үздік спортшылары бас қосады.

Қазақстанның бұл мәртебеге ие болуы кездейсоқ емес. Милан мен Кортинада өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алып, елімізде мәнерлеп сырғанаудың дамуына зор серпін берді.

ISU президенті Чжэ Ёль Ким Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың қарқынды дамып жатқанын, сондай-ақ бұл дода жас спортшыларға шабыт беретінін атап өтті.

”Біз ISU Төрт құрлық чемпионатын тұңғыш рет Қазақстанда өткізгелі отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл айтулы оқиға бүкіл Орталық Азиядағы мәнерлеп сырғанау жанкүйерлері үшін әлемдік деңгейдегі бәсекені өз көзімен көруге және мұз айдынындағы кумирлерінің өнерін тамашалауға тамаша мүмкіндік береді.

Қазақстанда спорттың бұл түріне деген махаббат пен қызығушылық жаңа белеске көтерілді. Сондықтан Астананың спортшылар, жанкүйерлер және барлық қатысушы үшін жоғары деңгейдегі алаңға айналатынына сеніміміз кәміл. Біз Қазақстанның осынау ауқымды іс-шараға әкелетін өзіндік ерекше энергиясын, қонақжайлылығы мен зор амбициясын сезінуді асыға күтеміз”, — ISU президенті Чжэ Ёль Ким.

Ал Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU-дың бұл шешіміне риза екенін, туған жерінде мұндай ауқымды доданың өтуін армандағанын жеткізді.

«Шынымды айтсам, қуанышымда шек жоқ. Бұл - мен үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де зор жеңіс. Көптеген жыл бойы ISU чемпионатының туған елімде өткенін армандап едім. Бұл арманымның орындалғанына шексіз бақыттымын. Олимпиада ойындарындағы жеңісімнен кейін Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдылығы айтарлықтай артты және бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғаса бергенін қалаймын. Мен алдағы маусымға қызу дайындаламын. Осы ISU Төрт құрлық чемпионаты жанкүйерлерге ұмытылмас сәттер сыйлап, олардың жадында ұзақ уақыт сақталады деп үміттенемін», — деді Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, 2026 жылғы Милан Олимпиадасында Михиал Шайдоров Қазақстанға 32 жылдан кейін тарихи алтын жүлде сыйлаған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан