Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Каил Снайдер Астанаға келеді: Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы басты қарсыластары анықталуда

Каил Снайдер Астанаға келеді: Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы басты қарсыластары анықталуда

Америкалық атақты балуан, еркін күрестен Олимпиада чемпионы Каил Снайдер Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

АҚШ құрамасының шешуші іріктеу кезеңі – Final X жарысында 97 келі салмақта белдескен Снайдер финалда Стивен Бьюкененді жеңіп, ұлттық құрамадағы орнын ресми түрде бекітті.

Алғашқы белдесуде ол 5:2 есебімен басым түскенімен, екінші айналымда қарсыласына жол берді. Дегенмен шешуші үшінші белдесуде Снайдер толық басымдық танытып, 9:3 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осы нәтижемен америкалық балуан өз мансабында тоғызыншы рет әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұл салмақта Иранның атақты балуаны Хасан Яздани да жолдаманы жеңіп алды. Бұл салмашьа, Қазақстан құрамасының басты үміті – Ризабек Айтмұқан.

Астанада өтетін әлем чемпионатының 97 келі салмағында тартысты бәсеке күтілуде. Сарапшылар бұл салмақтағы белдесулерді турнирдің ең қызықты кездесулерінің бірі болады деп бағалап отыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан