4 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошы Астанадағы турнирде ел қоржынына алғашқы алтынды салды
Фото:ҰОК
Астанада алғаш рет таеквондодан Алтай Одағы чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада 63 келіде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Айта кетейік, айтулы турнир 22-23 маусым күндері күндері өтеді.
Жастар мен ересектер арасында ұйымдастырылатын турнир Дүниежүзілік таеквондо федерациясының World Taekwondo ресми күнтізбесіне енген.
Халықаралық додаға Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан