Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Altaic Cup: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 18 жүлде иеленді

Altaic Cup: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 18 жүлде иеленді

Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 4 алтын, бірнеше күміс және қола жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медаль иегерлері қатарында Самирхон Абабакиров (63 кг дейін), Бейбарыс Қаблан (87 кг жоғары), Айша Әділбекқызы (62 кг дейін) және Назым Махмұтова (73 кг дейін) бар.

Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес, Мақсат Орынбасар, Айдана Құмартаева, Нұрай Бауыржанова, Нодира Ахмедова және Аяулым Асқар иеленді.

Қола медаль алғандар қатарында Баходир Шапулатов, Мерген Ғаниев, Бауыржан Хасенов, Нұрайым Жұмабек, Айдана Сүндетбай, Аружан Найманбаева, Нұрлы Кеңесбек және Ақсәуле Ерқасымова бар.

Айта кетейік, бүгін турнир аясында жастар арасында жарыстар өтеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан