1 күн бұрын
Қазақстан семсерлесушілері Өзбекстанға есе жіберді
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты ширек финалда аяқтады.
Саблямен семсерлесу бойынша командалық жарыста қазақстандық спортшылар Өзбекстан құрамасына 24:45 есебімен есе жіберді.
Қазақстан сапында Анастасия Гулик, Карина Доспай және Айгерім Сарыбай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ирина Бакалдина жекелей сында алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов ерлер шпагасында қола жүлдеге ие болған. Сондай-ақ ерлер құрамасы сабля жарысында қола медаль еншілеген еді.
Азия чемпионаты 19–24 маусым аралығында Үндістан астанасында өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан