1 күн бұрын
Қазақстандық таеквондошылар “Altaic cup” турнирінде 4 алтын жеңіп алды
Фото:ҰОК
Астана қаласында өтіп жатқан таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирінің алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 18 медаль иеленді. Оның ішінде 4 алтын, 6 күміс және 8 қола жүлде бар.
Алтын медаль иегерлері:
63 кг дейін – Самирхон Абабакиров
87 кг жоғары – Бейбарыс Қаблан
62 кг дейін – Айша Әділбекқызы
73 кг дейін – Назым Махмұтова
Күміс жүлдегерлер:
Тамирлан Тілеулес, Мақсат Орынбасар, Айдана Құмартаева, Нұрай Бауыржанова, Нодира Ахмедова, Аяулым Асқар
Қола медаль иелері:
Баходир Шапулатов, Мерген Ғаниев, Бауыржан Хасенов, Нұрайым Жұмабек, Айдана Сүндетбай, Аружан Найманбаева, Нұрлы Кеңесбек, Ақсәуле Ерқасымова
23 маусым күні де жарыстар жалғасып, жасөспірімдер мен жастар санатындағы бәсекелер өтеді.
Айта кетейік, Астанада алғаш рет Алтай Одағы чемпионаты ұйымдастырылып отыр. Жастар мен ересектер арасындағы бұл турнир World Taekwondo халықаралық федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Жарысқа Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан