Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Фото:ҰОК

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жарыстың алтын жүлдесі сарапқа салынды.

Ақтық сында Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов ел намысын қорғады. Шешуші бәсекеде отандастарымыз азулы Жапония құрамасын 45:40 есебімен жеңді. Жапонияның ерлер құрамасы қазіргі таңда әлемдік рейтинге 2-орынға жайғасса, Қазақстан 6-орында.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Ираннан (45:27), ширек финалда Өзбекстаннан (45:37), жартылай финалда Оңтүстік Кореядан (45:33) басым түскен еді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония құрамасы 4 жыл қатарынан Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтап отыр. 2023 және 2025 Жапония жеңіске жетсе, 2024 жылы ұлттық құрама басым түскен еді. Ал міне 2026 жылы қазақстандықтар қарымта қайтарды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан