Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

19 жастағы қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын тізе бүктірді

19 жастағы қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатында Олимпиада чемпионын тізе бүктірді

Фото:ҰОК

Үндістанның Дели қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық додада Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен сайыста топ жарып, алтын медаль жеңіп алды.

Жарыста ерекше сенсациялық оқиға тіркелді.

Алтын медаль үшін өткен финалда қазақстандық семсерлесушілер Жапония құрамасымен кездесіп, тартысқа толы бәсекеде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Жапония құрамасының спортшылары Токио Олимпиадасының чемпиондары және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері. Осы тұста Қазақстан құрамасы сапында 19 жастағы Кирилл Проходов ерекше көзге түсті.

Шешуші сәттердің бірінде жас қазақстандық семсерлесуші Париж Олимпиадасының чемпионы Коки Канномен жолықты. Бұл кездесу командалық финалдың тағдырына тікелей әсер еткен маңызды тартыстардың бірі болды. Кирилл тәжірибелі қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Осылайша Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған Қазақстан құрамасы басты қарсыластарының бірі с Жапонияны жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан