3 сағат бұрын
Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді
Фото: altyalash.kz
27 маусым күні Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі – конкурдан чемпионат өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Талғар ауданындағы Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешенінде ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің әр өңірінен 50-ден астам спортшы қатысады. Шабандоздар түрлі деңгейдегі кедергілерден өтіп, өздерінің шеберлігі мен ептілігін сынайды.
Чемпионат бағдарламасында балалар, жасөспірімдер, әуесқой және тәжірибелі спортшылар бақ сынайды. Қатысушылар жылдамдық пен кәсіби дайындықты ғана емес, ат пен шабандоз арасындағы үйлесімділікті де көрсетеді.
Конкур – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген ат спортының беделді түрі. Бұл сайыста жеңіске жету үшін шабандоз бен тұлпардың өзара сенімі мен түсіністігі ерекше маңызға ие.
Еске салсақ, бұдан бұрын маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан