3 сағат бұрын
Қазақстан қоржынына Азия чемпионатының тағы бір медалі түсті
Қазақстанның семсерлесуден әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.
Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Таиланд пен Жапония құрамаларын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен сынға түсті.
Тартысты кездесу кореялық спортшылардың 45:29 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Қазақстан құрамасының сапында Ирина Бакалдина, Дарья Самоделкина, Владислава Андреева және София Николайчук өнер көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін бес медальмен аяқтады. Жекелей сында Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы командалық шпага жарысында қазақстандықтар чемпион атанса, командалық семсер сайысында тағы бір қола медаль еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан