Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстандық мерген әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық мерген әлем чемпионатында топ жарды

Фото:ҰОК

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Аталмыш додада ел намысын қорғаған Асылым Жақия 25 метр қашықтықтан шағын калибрлі тапаншамен ату бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы оза шапты. Финалдық кезеңде ол 554 ұпай жинап, әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Екінші орынды үндістандық Шауля Дилип Бхарне иеленді. Ол 552 ұпаймен күміс медальға қол жеткізсе, тағы бір үндістандық спортшы Рия Дуггал дәл осындай нәтижемен қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан трап бағдарламасында әлем чемпионатының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ Ринат Казаченко кіші калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату жаттығуында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір жүлде салды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан