Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатының қола алды

Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатының қола алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір медаль жеңіп алды.

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Юлия Ли тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Қазақстандық спортшы XCC дисциплинасында қола медаль еншіледі.

Алтын медальді Ван Тин (Қытай) жеңіп алды. Оның командаласы Гун Сыин мәреге екінші болып жетті.

Айта кетейік, құрлық біріншілігінде ел намысын сегіз спортшы қорғауда. Азия чемпионаты 27 маусымда аяқталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан