Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Сенсация: Алуа Нұрман әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Сенсация: Алуа Нұрман әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Гонконгте өткен ФИДЕ командалық әлем чемпионатында (рапид және блиц) қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әйелдер тақтасында күміс медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында ол әлемдік рейтингте екінші орында тұрған шахматшыны жеңіп, сенсациялық нәтиже тіркеді. Сонымен қатар бірнеше тәжірибелі қарсыласын да ұтып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Алуа бұл турнирде Қазақстанның Barys командасы сапында өнер көрсетті.

Команда жарыста айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, әлемнің мықты ұжымдарының бірі — WR Chess командасын 4:2 есебімен жеңді. Бұл тартыста әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлер де ойнады.

Кейін қазақстандық ұжым Hexamind командасымен тең түсіп, соңғы турда MGD1 командасына жол берді. Жалпы есеп бойынша Barys командасы 9-орынға ие болды.

Ал блиц бағдарламасында команда плей-офф кезеңіне шыққанымен, ширек финалда Қытайдың Dragon Chilling командасынан ұтылып, жарысты аяқтады


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан