Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева Өзбекстанда шахмат Олимпиадасында бақ сынайды

Бибісара Асаубаева Өзбекстанда шахмат Олимпиадасында бақ сынайды

Фото:ҰОК

15-28 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында 46-шы дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өтеді. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапында халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева өнер көрсетеді.

Бұл туралы шахматшы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Алдағы жарыс туралы сөз қозғаған Бибісара Асаубаева өзбекстандық жанкүйерлермен кездесуге ниетті екенін де атап өтті.

«Кездесуге қатысты айтсам, бұл жолы оны үлкен форматта өткізе алмаймын. Себебі осы аптада ұшып кетемін. Келесі жолы Самарқандтағы Олимпиадаға келгенде, көпшілік турнирді тамашалауға келеді деп ойлаймын. Мүмкін, жарыстан кейін Ташкентте 30-50 адамға арналған жабық кездесу ұйымдастырамын. Бәрі ретімен өтуі үшін алдын ала тіркеу жүргізіледі», – деп жазды Асаубаева.

Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына әлемнің үздік гроссмейстерлері, рейтинг көшбасшылары мен қазіргі чемпиондар қатысады деп күтілуде. Дәстүрлі түрде командалық форматта өтетін жарыста шахматшылар өз елдерінің намысын қорғайды.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева жуырда өткен Norway Chess Women 2026 турнирінде 16,5 ұпай жинап, чемпион атанған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан