24 сағат бұрын
Қазақстандық гимнасшылар 28 жылдан кейін Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Фото:ҰОК
Қытайдың Цуньи қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додада еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы қола жүлде жеңіп алды.
Осылайща 28 жылдан кейін спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсіп отыр. Бұған дейін аруларымыз мұндай жүлдеге 1998 жылы қол жеткізген.
Айтулы додада Қазақстан намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Қасымжанова қорғады.
Ал Азия чемпионатының алтыны 163.563 ұпаймен Қытай қыздарына бұйырса, күміс жүлдені 157.329 ұпаймен жапондықтар еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан