22 сағат бұрын
Сербиялық тәжірибелі бапкер «Астана» баскетбол клубы тізгінін ұстады
Фото: «Астана» баскетбол клубы
Сербиялық маман Миодраг Райкович «Астана» баскетбол клубы бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бапкерлік қызметте 30 жылдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман бұған дейін Сербия, Польша, Венгрия, Жапония, Хорватия мен Черногорияда жұмыс істеген. Сондай-ақ, Еуролига, Еурокубок, ВТБ Бірыңғай лигасы және Адриатика лигасында еңбек етті.
Сербиялық маман 2014 жылы Польшада «Туровпен» чемпион атанды. Оған қоса 2014 және 2024 жылдары Польша суперкубогының иегері болды. Одан бөлек, Райкович Польша чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2012/2013 жылғы маусымы қорытындысында Польша баскетбол лигасының үздік бапкері деп танылды.
Миодраг әр жылдары «Туров», «Шлёнск», «Мега», жапониялық «Ямагата Уайвернс», «Тояма Грусес», «Нисиномия Сторкс» және өзге клубтарды жаттықтырған. 2025/2026 жылдар маусымында бапкер Адриатика лигасында бақ сынайтын Хорватияның «Сплит» клубымен жұмыс істеді.
Райкович Сербияның U19 жасқа дейінгі құрамасы бапкерлер штабында әлем чемпионатының жеңімпазы атанған, Ол жаттықтырған командалар Еуролига, Еурокубок және Жапонияның плей-оффында жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан