Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

Фото:ҰОК

Халықаралық каратэ федерациясы (KFW) әр салмақта жаңартылған рейтинг кестесін жариялады.

Аталмыш рейтингте қос қазақстандық каратэші өз салмақтарында көш бастап тұр.

Олар -50 келіде Мөлдір Жаңбырбай мен +68 келіде Софья Берульцева.

Мөлдір Жаңбырбай Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2021 жылғы Азия чемпионатында топ жарып, екі жыл қатарынан “жылдың үздік каратэшісі” атанып, “Grand Winner”атағын иеленген.

Ал Софья Берульцева 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2022 жылғы әлем ойындарының жеңімпазы. Бұған қоса оның қоржынында әлем чемпионатының күміс және қола медальі бар. Сондай-ақ ол жақында “жылдың үздік спортшысы” атағын жеңіп алды.

Ал бұдан бөлек -61 келіле Әсел Қанай рейтингтің екінші орнына жайғасқан. Әсел Қанай Азия чемпионы.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан